Әлем

Қырғызстан долларды елден шығаруға тыйым салды

Уақытша шектеу жұма, 11наурыз күні кешке күшіне енді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Қырғызстанның Ұлттық банкі қолма-қол долларды шетелге шығаруға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Ұлттық банктің мәліметінше, мұндай шара экономикалық қауіпсіздік пен валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылданған.
Қолма-қол шетелдік валютамен операциялар бойынша уақытша шектеулер коммерциялық банктерге, айырбастау бюросына, микроқаржы және микрокредиттік компанияларға қатысты. Тыйым 11наурыз сағат 17:30-да күшіне енді.
Қаулы Қырғызстан Ұлттық банкінің сайтында жарияланған.
Қазақстанда валютаны сату мен сатып алуға қатысты өзгеріс енгізіледі