Өңірлер

Тұман, көктайғақ және жел: 12 наурызға арналған ауа райы болжамы

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз - Sputnik. Сенбі, 12 наурызда кей жерлерде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, батысында бұрқасын жүреді, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында - тұман.
Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктері аудандарында найзағай ойнайды, жел 15-25 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы секундына 18 метр.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың батысында 15-20 м/с жел болады.
Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында - тұман, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с жел тұрады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында бұрқасын, тұман, облыстың солтүстігінде, батысында - 15-20 м/с жел соғады.
Қарағанды облысының батысында – тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде – бұрқасын, түнде және таңертең 15-20 м/с жел.
Шығыс Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с жел болады, түнде облыстың солтүстігінде - тұман.
Қызылорда облысының солтүстігінде - көктайғақ, облыс орталығында - тұман.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, оңтүстік-батысында, облыстың таулы аудандарында – 15-25 м/с жел болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, кейде қар жауады, күндіз бұрқасын болады, минус 9-11 градус, түнде минус 13-15 градус.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынды, күндіз плюс 11-13 градус, түнде плюс 5-7 градус.
Шымкентте көшпелі бұлт болады, жауын-шашын жауады, кейде найзағай ойнайды. Күндіз - 14-16 градус жылы, түнде-6-8 градус нөлден жоғары.