НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз - Sputnik. АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларының Қазақстан экономикасына теріс әсерін азайту үшін қазақстандық-америкалық онлайн консультациялар өтті, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Қазақстан атынан консультацияларға сауда-экономикалық, қаржы, көлік, қорғаныс, энергетика және аэроғарыш салаларына жауапты мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты. Барлығы 80 адам болған.
"Америкалық тарап АҚШ-тың Ресейге қарсы жақында енгізілген санкциялары туралы және сауда-экономикалық, банк-қаржы және энергетика салаларындағы жаңа санкциялық шектеулер ерекшеліктері туралы хабардар етті", - делінген ақпаратта.
Қазақстандық қатысушыларға санкциялар режимі жағдайында серіктестермен ынтымақтастықтың түрлі бағыты бойынша түсініктеме берілген.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан экономикасы үшін АҚШ-тың санкциялық саясатының болжанбаған салдарын болдырмау үшін консультацияларды жалғастыруға келісті.