Әлем

Қырғызстандықтар ертеңнен бастап бетперде тағуға міндеттелмейді

Алайда бұл ереже медициналық мекемелер мен қоғамдық көлікке қатысты емес. Бұл орындарда маска тағу әлі де міндетті талаптың бірі болып қала береді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Қырғызстанда 12 наурыздан бастап бетперде тағып жүру талабының күші жойылады. Бірақ медициналық мекемелер мен қоғамдық көлікте бетперде кию қажет, деп хабарлайды 24.kg.
Жоғары, орта кәсіптік және басқа да жалпы білім беретін ұйымдардағы білім алушылар мен оқытушылар, сауда орны, мейрамхана, дәмхана, тамақтану орындары, базар, музей, спорт клубтары, кітапханадағы баратындарға маска тағу міндетті емес.
Бірақ денсаулық сақтау ұйымдарында (мемлекеттіак, муниципалдық және жеке меншік), сондай-ақ қоғамдық көлікте медициналық бетперде кию шарт.
Көрші мемлекеттің билігі өз азаматтарына адамдар көп шоғырланатын, ірі сауда орындары, базар, бұқаралық іс-шаралар өтетін орындарда коронавирус пен басқа да инфекциялық аурулардың алдын алу үшін бетперде тағуға кеңес берді.
Қоғам
Қырғызстанда қару-жарақ арасынан қазақстандық мемлекеттік нөмір табылды