Қоғам

Жамбыл облысында 2 апта бұрын жоғалған қатардағы жауынгерді әлі іздеп жатыр

Қатардағы жауынгер Бердішов 2 наурызда жоғалып кетті
Sputnik
АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Екі апта бұрын жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Бердішов
Қатардағы жауынгер Бердішов Ұлықбек Айдарбекұлы "Андас батыр" шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші 2 наурызда жоғалып кетті. Бердішовті іздеуге Жамбыл облысы бойынша шекара қызметінің департаменті мен полиция департаментінің күші жұмылдырылды.
Осы факт бойынша тергеу іс-қимылдары мен қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Сарбазға қатысты ақпарат белгілі болса, мына нөмірлерге хабарласуға болады:
110 (ҰҚК сенім телефоны),
+7 7172 719458 (шекара қызметінің сенім телефоны).