Украинадағы АҚШ құрған және қаржыландыратын биозертханаларда жарқанаттар коронавирусына тәжірибе жүргізілген. Бұл туралы журналистерге Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков айтты, деп жазды РИА Новости.
"Құжатта көрсетілгендей, Украинадағы АҚШ құрған және қаржыландыратын биозертханаларда жарқанаттар коронавирусының үлгілерімен эксперимент жүргізілген", - деді ол.
Оның айтуынша, патогендердің Украина, Ресей және басқа да іргелес жатқан елдер арасында қоныс аударушы жабайы жыл құстарымен тасымалдануын зерттеу жөніндегі АҚШ жобасын жүзеге асыру туралы толыққанды ақпарат ерекше назар аударып отыр.
Конашенков атап өткендей, құжатқа сәйкес, америкалық тарап құстарда, жарқанаттарда және бауырымен жорғалаушыларда кездесетін ауру қоздырғыштарды және осы аң-құстардың африкалық шошқа обасы мен сібір жарасын тасымалдау ықтималдылығын тексеруді жоспарлаған.
"Өлімге әкелетін қоздырғыштардың жасырын таралу механизмін әзірлеу Украинадағы Пентагон қаржыландыратын осы және басқа да биологиялық зерттеулердің мақсаты болған", - деді генерал.
Біраз бұрын Мемлекеттік департаментте АҚШ-тың Украинада ешқандай зертханасы жоқ екенін мәлімдеді. Бірақ бұған дейін ведомство басшысының орынбасары Виктория Нуланд сенатта сөйлеген кезде украин жерінде биологиялық зерттеу нысандары бар екенін айтты.
24 ақпанда Ресей Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы әскери операцияны бастады. РФ Қарулы күштері украин әскері мен әскери инфрақұрылымдарға ғана соққы жасап жатқанын хабарлады. Екі тараптан да адам құрбандары бар.