Қаңтар оқиғасы

"11 қымбат көлік тәркіленді": Мәсімов 2 млн доллар пара алды деген күдікке ілінді

Мәсімовті ұстағаннан кейін үйінен 17,2 миллион АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша, сондай-ақ көптеген құнды заттар тәркіленген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке 2 миллион АҚШ доллары сомасында пара алды деген айып тағылып, тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Кәрім Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталды.
Отандық бизнес қауымдастықтар мен шетелдік субъект өкілдерінен жылжымайтын мүлік, қымбат сыйлықтар, соның ішінде мәдени құндылықтар, елеулі мөлшерде ақшалай қаражат алу фактілері құжатталды.
Мәсімовке тиесілі елордадағы элиталық үй мен жер телімінің көрінісі
Атап айтқанда, жабық келісімшарттардың бірі бойынша шетелдік мемлекет өкілдерінен Мәсімовтің ҰҚК төрағасы лауазымында 2 миллион АҚШ доллары сомасында пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.
Осы қаражат Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтарылды.
Сонымен қатар Мәсімов премьер-министр лауазымында болғанда бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 миллиард теңге тұратын элиталық тұрғын үй мен жер телімін алды деген күдікке ілінген, қазір тергеу жүргізілуде.
"2022 жылғы қаңтарда Мәсімовті ұстағаннан кейін осы тұрғын үйден 17,2 миллион АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша, сондай-ақ көптеген құнды заттар – элиталық сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқа заттар тәркіленді", - дейді ҰҚК мамандары.
Бұдан басқа, бизнес санаттағы 11 қымбат автокөлік алынды. Нұр-Сұлтан қаласындағы екі элиталық пәтеріне, Алматы қаласындағы 2 пәтері мен зәулім сарайына, сондай-ақ Щучье-Бурабай шипажайы аймағы көлінің жағасындағы аумағы 1 гектар жер теліміне тыйым салынды.
Мәсімовтің жақын байланыстарынан 5,1 миллион АҚШ доллары алынып, оған тыйым салынды.
Осымен бір мезгілде Мәсімов пен оның айналасындағылар шетел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
1 / 14

Мәсімовтен тәркіленген автокөлік

2 / 14

Мәсімовтен тәркіленген автокөлік

3 / 14

Мәсімовтен тәркіленген автокөлік

4 / 14

Мәсімовтен тәркіленген автокөлік

5 / 14

Мәсімовтен тәркіленген автокөлік

6 / 14

Мәсімовтен тәркіленген автокөлік

7 / 14

Мәсімовтен тәркіленген антиквариат заттар

8 / 14

Мәсімовтен тәркіленген антиквариат заттар

9 / 14

Мәсімовтің үйіндегі кинозал

10 / 14

Мәсімовтің үйіндегі кинозал

11 / 14

Мәсімовтің үйіндегі жатын бөлме

12 / 14

Мәсімовтің үйіндегі холл

13 / 14

Мәсімовтің үйіндегі жаттығу залы

14 / 14

Мәсімовтің үйіндегі бассейн