НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Қостанай қаласында "GАР" өндірістік кооперативінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр құрылған кооператив жеке тұлғалардан 30 000 теңгеден 480 000 теңгеге дейінгі сомада ақша тартып, қаржы пирамидасы үлгісінде жұмыс істеген.
"Кооперативтің лауазымды тұлағалары жинаған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, активтерді қайта бөліп отырған. Осылайша, кейбір қатысушылар басқалардың жарналары есебінен байып жүрді", - дейді комитет мамандары.
Тінту кезінде өндірістік кооперативтің қызметі туралы жарнамалық брошюралар, салымшылардың тізімі, кооператив пен салымшылар арасында жасалған электрондық форматтағы шарттар тәркіленді.
Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.