Қоғам

Вакцина салдырған қазақстандықтар Балиге бара алады

Индонезия билігі шетелдік туристерге коронавиурстың жоқ екенін көрсететін ПТР нәтижесімен Бали аралыған кіруге рұқсат берді
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. 2022 жылдың 7 наурызынан бастап шетелдік туристер Балидегі ең танымал курорт аралдарының біріне бара алады.
Индонезияның Қазақстандағы елшілігі туристерге қандай жағдай жасалғанын айтты. Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған туристер ПТР тест тапсырып, карантинде отырмай-ақ елге кіре алады.
Өзгерістер көрсетілген Индонезия президентінің бұйрығы 7 наурыздан күшіне енді. Балиге кіру үшін қандай құжаттар қажет:
1.
Аралға келгенге дейін B211A визасын алуға өтініш беріңіз (туристік виза);
2.
Кемінде 4 күн бұрын тұратын жеріңізді броньдалғанын растаңыз;
3.
Covid-19 емін қамтитын медициналық сақтандыру (кем дегенде 25 мың АҚШ доллары) болуға тиіс;
4.
ПТР тестін тапсырыңыз және алдын ала брондалған жерде теріс нәтиже шығуын күтіңіз;
5.
Вакцина салдырған туристер немесе вирустың жоқтығын растау үшін ПТР тестінің теріс нәтижесін алуы керек.