Ұлттық банк пен KASE теңге-доллар саудасының регламентін өзгертті

Бұл валюта нарығындағы тұрақсыздықтың алдын алу үшін қабылданып отырған шара
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі мен Қазақстанның қор биржасы (KASE) сәрсенбі күні өтетін сауда-саттық регламентін өзгертті, деп хабарлады Ұлттық банктің ресми сайты.
"Теңге-АҚШ доллары валюталарының саудасы 9 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында өтеді", - деп жазылған хабарламада.
Бұл шара құбылмалылық жоғары және сыртқы факторлардың қысымы болып отырған жағдайда валюта нарығындағы тұрақсыздықтың алдын алу мақсатында қабылданғаны айтылды.
"Теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша алдағы сауда режимі туралы ақпарат ресми коммуникация арналары арқылы дер кезінде хабарланады", - деді ведомство.