АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк KASE-дегі бүгінгі сауда-саттықта 200 миллион долларға жуық сомаға интервенция жүргізді, осылайша сауда-саттықтың жалпы көлемі 210,7 миллион долларды құрады.
"Аукцион қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 510 теңге деңгейінде қалыптасты. Сауда-саттық көлемі 210,7 миллион АҚШ долларын құрады. Ұлттық банктің валюта интервенциясы 198,9 миллион АҚШ долларын құрады, Ұлттық банктің қатысу үлесі 94,4%", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Жаһандық қаржы нарығының құбылмалы болуына байланысты және ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында 9 наурызда KASE биржа алаңындағы сауда-саттық Франкфурт аукционы түрінде өтті.
Франкфурт аукционы бағаның негізсіз құбылуының алдын алуға бағытталған.