НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Белгілі әнші Тамара Асар Instagram желісінде кішкентай қызымен бірге түскен фотосын жариялап, барша әйелдерді мейраммен құттықтады.
"Әлемді әдемілігімен әлдилеген әйел затының әсем мерекесі – 8 наурыз құтты болсын! Барша ақжаулықты ананы, жеңгелерді, апайларды, апаларды, келіндерді, құрбыларды, сіңлілерді, шәйқұяр бөпелерді шын жүректен құттықтаймыз! "Әлсіз ғой" деп аялайтын ерлердің мәңгі музасы болайық. Олар қорғанысымызды күшейтсін, біз орманымызды түптейік. Алла бізге лайым бейбіт күннің бесігін тербетуді мәңгіге жазсын! Жасымызға қарамай әрбір жан бақыттың базарында шалқиық!", - деп жазды Асар.
Әнші осы құттықтауды оқыған әрбір жанға "Бейбіт күннің бесігін тербетейін, әмин" деген сөз жазып, лүпіл басып кетуді сұрады.
Кешеден бері 18 мың адам лүпіл басып, ондаған адам әншінің тілегін қайталап жазды.