Өңірлер

Шымкентте ер адам Арбатты раушан гүлімен көмкерді

Ол бұл әрекетін әрбір ару белгісіз ханзаданың сыйлығы деп қабылдағанын қалайтынын айтты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Шымкентте өз есімін атамауды қалаған ер адам көшеде раушан гүлімен "8 наурыз" деп жазды.
"Мен гүл сататын дүкендерден раушан гүлін жинап, оларды Арбаттағы жолға төседім. Әзірше жүз раушан кетті, бірақ миллион гүл қажет болатын секілді", - деген ер адамның сөзін келтірді өңірлік "Отырар" порталы.
Ер адам қазір айналада көңілге қаяу түсіретін жағдай жиі болып жатқанын айтты. Сондықтан ол осы әрекеті арқылы арулардың жүзінде күлкі пайда болғанын қалаған.
"Жаным жадырап сала берді. Мен кейіннен барлығын жинап-тазалаймын, қоқысты алып кетемін. Егер гүл ұшып кетсе, орнын қайта толтырып қоямын. Көп адам мені мас деп ойлайды. Мен біздің аруларымызға деген махаббатқа маспын. Олар ең сұлу әрі сүйкімді жандар. Өкініштісі, менде бұл мерекеде құттықтайтын жақын жан жоқ. Сондықтан осы әдіспен басқаларға қуаныш сыйлағым келді. Ақшам болса, бүкіл Арбатты гүлге көмкерер едім", - дейді ер адам.
Романтик өзін көрсетпеуді өтінген. Ол бұл әрекетін әрбір ару белгісіз ханзаданың сыйлығы деп қабылдағанын қалайтынын айтты.
Өңірлер
Сүйіктісіне ұсынысты ерекше жасаған тараздықтың видеосы пайда болды