Мұндай шешім мың текше метр бағасы рекордтық 3 700 долларға жеткеннен кейін қабылданған болуы керек. Бұл бұрынғы газ бағасынан 15 есе жоғары көрсеткіш, деп жазды РИА Новости.
Шольцтен кейін Нидерланды премьер-министрі Рютте де осы тектес пікір айтты. Бағаның күрт шарықтауына байланысты жағдайды біршама реттеу туралы шешім қабылданды. Алайда орташа келешекте батыс елдері тарапынан эмбарго қаупі сақталып отыр және бұл ең алдымен газға емес, мұнайға қатысты болып отыр.
Негізінен, халықаралық жағдай ушыққаннан кейін Ресей үшін мұнай мен газ нарығындағы жағдай біршама басқаша болып қалыптасты.
Әлемдік мұнай бағасы бірден көтеріле бастады, бірақ ресейлік жеткізулердің бір бөлігі бір баррель құны 20 доллардан асатын жеңілдікпен жүзеге асырыла бастады. Ықтимал санкциялардың белгісіздігі жағдайында компаниялар қосымша сыйақысыз ресейлік жеткізулерге қатысты мәмілелерге қатысудан қорықты. Қазір еуропалық шенеуніктердің мәлімдемелері аясында бұл жеңілдіктің төмендеуін күтуге болады.
Әйтсе де сын-қатер сақталып тұр: егер логистика мен еуропалық мұнай өңдеуші зауыттарды жаңа мұнай сортына қарай баптауды ескермесек (мұның барлығына уақыт қажет болады), онда Ресейден жеткізілетін мұнайдың орнын алмастыруға болады. Жаһандық теңгерім бойынша Ресей әлемдік мұнай тұтынудың шамамен жеті процентін экспорттайды (мұнай және мұнай өнімдері арқылы).
Оның үштен бірі Азияға, негізінен Қытайға жеткізіледі. Құрлықтық құбыр желісі жеткізулері бойынша логистикаға байланысты Еуропаға да ресейлік мұнайдан бас тарту қиынға соғады. Яғни, гипотеза түріндегі санкциялар барлық мұнай көлеміне емес, шамамен жаһандық тұтынудың екі-төрт процентіне қатысты болуы мүмкін.
Бұл жаһандық экономика үшін аз шығынды қысқару болады. Оның үстіне баға шарықтап, жаһандық сұраныс төмендейді. Ал басқа аймақта бойкот факторы іске қосылады: Shell ресейлік мұнайдың споттық партиясын сатып алудан бас тартатынын жариялады. Ал газға қатысты ахуал мұнайдыкіне қарама-қайшы болып отыр.
Біріншіден, жанармай толығымен газ құбырлары арқылы жеткізіледі. Еуропаның газ бойынша Ресейге тәуелділігі 30-40 процентті құрайды. Сондықтан орта келешекте де ресейлік импорттың орнын алмастыру мүмкін емес.
Сұйылтылған табиғи газ секторының дамуына қарамастан, газ нарығы мұнаймен салыстырғанда әлдеқайда бәсең жаһандық сипатқа ие. Соңғы айларда "Газпром" Еуроодаққа жеткізулерді күрт азайтты. Ал Украина арқылы газ айдау жақында ғана келісімшарттағы мәннен екі есе төмен болды.
Бірақ арнайы операция басталғаннан кейін Украина арқылы транзит керісінше тәулігіне 109 миллион текше метр шегіндегі келісімшарттағы көлемге дейін артты. Яғни, ресейлік экспорт қазір ұлғайды, дегенмен, бұл жағдайда баға да шарықтап кетті.
Мұның себебі түсінікті: "Газпромның" соңғы айларда ұзақ уақыт бойы аз көлемде жеткізулері жинақталып, үлкен тапшылық тудырды. Қоймалардағы тапшылықты жазда реттеуге болады деген жоспарға қазіргі белгісіздік кедергі болды.
Еске салсақ, газ қоймаларына газ айдау жылыту маусымы аяқтала салысымен басталады, мұнда ешқандай кідіріс болмайды.
Бір қызығы, Украина газ экспортына тыйым салды. Бұл транзитке қатысты емес. Алайда ол болашақта Еуроодақ елдеріне сату жоспарымен өз газын Украина аумағында сақтаған трейдерлерге қатысты болып отыр.
Осы жағдайға байланысты ресейлік ресми тұлғалардың мұнай мен газ жеткізу тек "бір жинақта" жүзеге асырылатынын, яғни мұнайсыз газды сатып алуға болмайтыны туралы алғашқы мәлімдемелер пайда болды. Сондықтан мұнай бағасы қалыпты мәннен 1,5-2 есе, газ құны 5-15 есе өскен жағдайда Ресей үшін табыс қомақты болып отыр. Егер бұған дейін газ "саясат", ал мұнай "табыс" болса, қазір бәрі керісінше болып жатыр.
"Мұның барлығын ескерсек, энергетикамен ішінара байланысты тағы бір сектор – тыңайтқыштардың да ерекше мәні бар. Ол көлемі бойынша елеусіз болғанымен, белгілі бір жағдайларға байланысты жаһандық экономика үшін маңызды мәнге ие. Мұнда қазіргі тұрақсыздық басталмай-ақ бағаның өскені байқалды. Мысалы, диаммоний фосфатының бағасы соңғы екі жылда үш есе өсті" – деп жазылған материалда.
Қалай болғанда да, әлемдік тыңайтқыш экспортының 15 проценті Ресейге тиесілі. РФ тыңайтқыштың барлық түрін экспорттайды. Калий тыңайтқыштарында үлесі үлкен: Ресей, Канада және Беларусь осы өнімнің бүкіл әлемдік өндірісінің негізгі бөлігін құрайды. Қорытындыласақ, мұнай – ең алдымен, ыңғайлы және шектеусіз қозғалу мүмкіндігі.
Газ – бұл жылу мен ыстық суға қол жеткізу, электр энергиясын өндіру, өнеркәсіптік кәсіпорындарды пайдалану. Тыңайтқыштар түптеп келгенде азық-тамақ болып табылады. Бұдан басқа, Ресейді ауыстыру қиын салыстырмалы түрде шағын секторлар барпшылық. Мысалы, никель бағасы соңғы екі күнде 2,5 есеге (жыл басынан бері төрт есеге) өсті. Әлемдік никель өндірісінің он проценті Ресейге тиесілі.
Әлемдік азық-түлік бағасы өсіп жатыр. Яғни, Ресейдің валюталық түсімінің көлемі үшін маңызды емес секторлар бір мезгілде әлемдік экономика үшін маңыздырақ болып отыр, деп жазылған РИА Новостиде.