АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Шахтинскіде полиция серуендеу кезінде тергеу изоляторынан қашып кеткен екі адамды ұстады.
Қарағанды облысы полициясының хабарлауынша, екі ер адам 8 наурызда Шахтинск полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының ауласынан қашып кеткен.
Полиция оларды бірнеше сағат ішінде ұстады.
Қашу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 426-бабы "бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, 426-бапта алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.