Гендерлік теңдікке жету үшін әлемге 100 жыл қажет – БҰҰ

БҰҰ гендерлік теңдік жолындағы басты кедергіні атады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. БҰҰ-ның есептеуінше, гендерлік теңдікке жету үшін әлемге 99,5 жыл қажет.
Ал патриархалдық негіздер гендерлік теңдік жолындағы басты кедергі болмақ.
"Әлем әйелдердің ғылыми-техникалық прогресті ілгерілетуге толыққанды қатысуына тосқауыл болатын жүйелі кедергілер мен қате түсінікке үнсіз қарап отыра алмайды", - делінген БҰҰ-ның Twitter-дегі ресми парақшасында.
Орталық Азия елдерінде әйелдер ерлерге қарағанда үй шаруасына 2,2 есе көп уақыт жұмсайды.
Соңғы 20 жылдың ішінде әйелдер ақы төленбейтін күтім жасау жұмысына және үй шаруасына аз уақыт жұмсай бастады, ал ер адамдар күніне 8 минутқа көп уақыт бөлетін болған. Осы қарқынмен ақысыз еңбекке жұмсалатын уақыт теңесу үшін 200 жылдан астам уақыт керек екен.