Экономика

Доллар тағы қымбаттады

5 наурызда доллардың бағамы 500 теңгеден асқан болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық кезінде доллардың бағамы 510 теңгеге жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айта кетері, 5 наурызда доллардың бағамы 500 теңгеден асты. Айырбастау пунктерінде бір доллар 505,5 теңгеге сатып алынса, сату бағасы 520 теңге болған.
Ал 6-9 мамырдағы ұлттық банктің ресми бағамы бір доллар үшін 503,30 теңге болып белгіленген еді. Осылайша, доллар тағы 6,21 теңгеге қымбаттады.
Бүгін Қазақстанның қор биржасы (KASE) мен ұлттық банк сауда-саттық регламентін өзгертіп, теңге-доллар саудасын 15:00-ге ауыстырған болатын.
Бұл шара валюта нарығындағы тұрақсыздықтың алдын алу мақсатында қабылданды. Өйткені жоғары құбылмалылық пен сыртқы факторлар қысымы болып отыр.
Ұлттық банк пен KASE теңге-доллар саудасының регламентін өзгертті