Өңірлер

Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

Түркістан мен Жамбыл облыстарында өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Қазгидромет ертең, 10 наурызда бірнеше өңірде дабылды ескерту жариялады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ болжанып отыр. Өңірдің шығысы мен солтүстік-шығысында жел соғады, күндіз солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
Атырау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады.
Маңғыстау облысының батысын түнде және таңертең тұман басады. Шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігі мен солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтілуде. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз оның жылдамдығы 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында кей жерлерде тұман түседі.
10-12 наурыз аралығында Түркістан және Жамбыл облыстарында оң мәнді ауа температурасы мен қатты жауын-шашынға байланысты өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Қоғам
Маман болжам жасады: қазақстандықтарды наурыз айында не күтіп тұр
10 наурыз түнде, 11 наурыз күндіз, ал 12 наурыз тәулік бойы Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болжанып отыр. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін барады. 12 наурызда оқта-текте желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Тараз қаласында 10-12 наурыз күндері түнде және таңертең тұман күтілуде. Күндіз 11 наурызда оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады.