НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Парламент мәжілісінің жаңа депутаты Аманжол Әлтай Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Аманжол Әлтай AMANAT партиясынан (бұрынғы Nur Otan) мәжіліс депутаты болды.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутат ретінде өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді Аманжол Әлтай.
Әлтай мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына қосылуға өтініш берген. Депутаттар жаңа әріптесін комитет құрамына сайлау туралы қаулыны бірауыздан қолдады.
Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтай 1971 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Белгілі суырыпсалма ақын, айтыскер.