Алматыда ірі жол апаты болды: жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Алматының Әуезов ауданындағы Өтеген батыр даңғылында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Toyota Camry автокөлігі Өтеген батыр көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, тоқтап тұрған Chevrolet Cobalt көлігіне соғылған. Қатты соққыдан екі көлік те бордюр арқылы ұшып түскен, Chevrolet Cobalt шам бағанасына соғылған. Cobalt-та ешкім болмаған.
Алматыда Toyota мен Chevrolet көліктері соқтығысты
Toyota Camry жүргізушісі жол апаты болған жерден қашып кеткен. Сонымен бірге жол апатынан оның екі жолаушысы ауыр жарақат алған. Олар ауруханаға жатқызылды.
Полицейлер қашқын жүргізушіні іздеп жатыр.