НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. "Қазгидромет" Қазақстан қалаларының ең лас аудандарын атады.
Осы жылдың 1-7 наурызы аралығында мамандар ірі қалалардағы атмосфералық ауаның сапасын өлшеген. Осы кезеңде төмендегідей көрсеткіштер тіркелді:
Қарағандыда 809 рет зиянды заттар шекті рұқсат етілген нормалардан асып кеткен. Қаланың ауасы ең ластанған жер – №8 ЛБП ауданы (Пришахтинск шағын ауданы, 3-ші Кочегарка көшесі, 28).
Алматыда 367 рет шекті рұқсат етілген нормалардан асып кеткен. Қаланың ауасы Түрксіб ауданында көбірек ластанды.
Нұр-Сұлтанда 786 рет шекті жол берілетін нормалардан асып кеткен. Қаланың ауасы Байтұрсынов көшесі ауданында көбірек ластанған.
Атырауда 42 мәрте шекті рұқсат етілген нормалардан асып кеткен. Қаланың ауасы Сырдария көшесі, 3 ауданында барынша ластанды.
Жезқазғанда 178 рет шекті рұқсат етілген нормалардан асып кеткен. Қаланың ауасы М. Жәміл көшесі, 4 В ауданында көбірек ластанды.
Өскеменде 16 рет шекті рұқсат етілген нормалардан асып кеткен. Қала ауасы Питерских-Коммунаров көшесі ауданында көбірек ластанды.
Павлодарда 3 рет шекті рұқсат етілген нормалардан асып кеткен. Естай көшесі ауданында қаланың ауасы көбірек ластанды.
Шымкентте 98 рет шекті рұқсат етілген нормалардан асып кеткен. Нұрсат шағын ауданында қаланың ауасы көбірек ластанды.
Ақтөбеде 30 рет шекті рұқсат етілген нормалардан асып кеткен. Рысқұлов көшесі ауданында қаланың ауасы көбірек ластанды.
Қызылордада 10 рет шекті рұқсат етілген нормалардан асып кеткен. Берденов көшесі ауданына қаланың ауасы көбірек ластанды.
Айта кетері, Балқаш, Петропавл және Теміртау қалаларында бірде-бір рет ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген нормалардан асып кету жағдайы тіркелген жоқ.