НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Халықаралық әйелдер күні мейрамында ерлер орта есеппен сыйлыққа 22 мың теңгеден астам, әйелдер 12 мың теңге шамасында жұмсайды.
Picodi сарапшылары сауалнама жүргізіп, қазақстандықтар 8 наурыз мерекесі туралы не ойлайтынын анықтады. Респонденттердің 5%-і мейрамды атап өтпейді, ал 13%-і бұл күн жұмыс күні болуы керек деп санайды.
Сауалнамаға қатысқан барлық әйел жақындарынан, ал респонденттердің 75%-і әріптестерінен үнемі сыйлықтар алатынын айтты.
Сондай-ақ, қыздар ең қымбат сыйлықтарды атады. Олар: ақша, парфюмерия, косметика және зергерлік бұйымдар. Антирейтингте алкоголь, іш киім және ашық хаттар тұр.
Көбінесе әйелдерге гүл, кәмпит, сертификаттар мен әшекей тарту етеді. Сауалнамаға қатысқан ер адамдар 8 наурызда үйдегі барлық шаруаны мойнына алуға дайын екенін жеткізді.
Респонденттердің 78%-і аналарын, әжелері мен әпкелерін, ал 22%-і әріптестерін үнемі құттықтайды. Сауалнамаға қатысқандардың 2%-і 8 наурызда ешкімді құттықтамайтын болып шықты.
Сыйлықтардың орташа құны ер адамдарда - 22,2 мың теңге, әйелдерде - 12 мың теңге. Қыздар оларға орта есеппен 17 мың , әріптестері - 22,1 мың теңгеге сыйлықтар беретінін айтты.