НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Аса аулының 112 жастағы тұрғыны Күлбарам Сүгірованы халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Қазіргі ұрпақ аға буын алдында үнемі қарыздар болады, деді әкім
© Photo : Акимат Жамбылской области
Өңір басшысы кейуанаға бір шоқ гүл сыйлап, өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
"Қазіргі ұрпақ аға буын алдында үнемі қарыздар болады. Еш қиындыққа қарамастан, біздің елдің жарқын болашағы үшін сіздер тынбай еңбектендіңіздер. Сіздер еңбекқорлық пен батылдықтың айнымас үлгісісіздер", - деді Сапарбаев Күлбарам әжейге.
Жасы жүзден асқан қария сый-құрметі үшін алғыс айтып, елге бейбітшілік пен тыныштық тіледі.
Күлбарам Сүгірова 1910 жылы туған, қазіргі Жамбыл ауданында тұрады. Ол өмірдің түрлі қиын-қыстау кезеңін басынан өткізген. Қарт ананың жастық шағы ХХ ғасырдың ең ауыр шағы – отызыншы және қырқыншы жылдармен тұспа-тұс келген.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Күлбарам әжей қазіргі Тараз, бұрынғы Жамбылда тұрған.
Күндіз қан зауытында еңбектеніп, түнде майдандағы жауынгерлерге арнап қалың қолғап пен шарф тоқыған. Соғыстан кейін Аса ауылында ұзақ жылдар бойы қант егуші болып еңбектенген.