Оқиға

Алматыда әйелдер құқығын қорғауға қатысты митинг басталды — фото

Митинг Қаңтар трагедиясы кезінде құрбан болғандарды еске алып, бір минут үнсіздікпен басталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 наурыз — Sputnik. Алматыда Халықаралық мерекеде әйелдер митингке шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Митинг екі сағатқа созылады
Әйелдердің құқығы үшін митинг өткізуге Алматы әкімдігі рұқсат берді. Митинг Шоқан Уәлиханов атындағы гүлзарда өтіп жатыр.
Алматы, митинг
Митинг Қаңтар трагедиясы кезінде құрбан болғандарды еске алып, бір минут үнсіздікпен басталды.
Саясат — әйелдің орны, дейді жиналғандар
“Саясатта әйел аз. Себебі саясатқа баратын жол тегіс емес, соқпақ. Біз сол саясатқа баратын жолды тегістеп, есікті ашу үшін алдымызға мақсат қойып тұрмыз. Саясат деген не? Саясат деген мемлекетті басқару. Мемлекетті басқаруда әйелдердің орны 50%. Сол орынды алу үшін мәселе көтеріп отырмыз”, - дейді белсенді Гүлзада Сержан.
"Саясатта әйел аз"
Ұйымдастырушылардың айтуынша, митинг екі сағатқа созылады. Тақырыбы — “Саясат — әйелдің орны”.
Алматы митинг