НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз - Sputnik. Шығыс Қазақстанда монша өртеніп, екі адам жанып жатқан ғимараттан шығарылды.
Төтенше жағдайлар қызметі келгенде ғимараттың булануға арналған бөлмесі өртеніп жатты. Өрт аумағы 15 шаршы метрді құрады.
Отты ауыздықтауға 35 қызметкер мен 8 техника жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.