НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз — Sputnik. Ер адам жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігінен өтпек болғанда көлік астына түскен.
Осы оқыс оқиға бойынша өңірдегі полиция департаменті ақпарат ұсынды.
Ведомство хабарламасы бойынша, Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігінен өтіп бара жатқан 26 жастағы жігітті қағып кеткен.
Зардап шеккен азамат тез арада Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Жол апатының видеосы желіде тарады.