НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз — Sputnik. Суық антициклон Қазақстан аумағына ығыса бастады. Салдарынан жауын-шашын жауып, елдің солтүстік бөлігіндегі ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлады "Қазгидромет" синоптиктері.
"Оңтүстік өңірлерде жаңбыр, қар жауады, таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, батыста шаңды дауыл, тұман, оңтүстікте найзағай болады", - делінген 8 наурызға арналған болжамда.
Өңірлердегі ауа райы
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жел 15-20 м/с-ке күшейеді, түнде бұрқасын, оңтүстікте тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Павлодар облысында түнде оңтүстікте, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді, түнде солтүстікте боран соғады.
Ақмола облысының батысында тұман түседі, түнде оңтүстік-шығыста 15-20 м/с жел күшейіп, боран соғады.
Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, оңтүстікте, шығыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман, найзағай болады, жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болады.
Күндіз батыста, Маңғыстау облысының орталығында жел 15-20 м/с-ке күшейеді, күндіз шаңды дауыл тұрады.
Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жел 15 м/с күшейеді, оңтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, күндіз солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстікте, батыста, Атырау облысының орталығында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада ауа райы нашарлайды. Күндіз ауа температурасы -8 .. -10 °C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Алматыда синоптиктер жаңбыр түрінде жауын-шашын болады деген болжам жасады. Сынап бағаны + 6 көрсетеді..+ 8 °C, желдің жылдамдығы - 3-8 м/с.
Шымкентте жаңбыр болады.Күндізгі уақытта ауа температурасы: +9..+ 11 °C, желдің жылдамдығы: 8-13 м/с.