НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматының әкімдеріне қала тұрғындарының өтінішіне құлақ асып, тұрғын үй кешендерінің жанынан биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуға тапсырма берді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Мемлекет басшысы әлеуметтік инфрақұрылым, саябақтар мен балаларға арналған спорт алаңдарын салуға баса мән беру қажет деп санайды", - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, мегаполистердің тұрғындары мектеп, аурухана, саябақ және тағы басқа әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қажеттілігін ескермей, тұрғын үйлерді жапсарлас салуға жиі қарсылық білдіріп жүр.