Өңірлер

Қай өңірлерде жолдар жабылды

Ауа райы қолайсыздығына байланысты кейбір аймақта жолдар жабылғаны хабарланды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Елдің бірқатар өңірінде көлік қозғалысы шектелді.
Батыс Қазақстан облысында бұрқасын салдарынан автокөліктің барлық түрі үшін (Орал - Тасқала а/ж - РФ шекарасы, 0-104 км) қозғалыс шектелді. Бұл туралы "Қазавтожол" хабарлады.
Павлодар облысында Омбы-Майқапшағай жолының 426-526 шақырымында – Кенжекөл ауылынан Аққұлына дейінгі учаскеде, сондай-ақ Павлодар-Шарбақты тасжолында Павлодардан РФ шекарасына дейінгі жол учаскесі де жабылды.
Шығыс Қазақстан облысында тау жағдайына байланысты жүк көліктері үшін Осинов асуындағы қозғалыс шектелген (Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары, 46-66 км)
Маңғыстау облысында, керісінше, жел салдарынан жабылған жолдар ашылды. "Ақтау – Жетібай", "Жетібай – Жаңаөзен", "Жетібай – Шетпе", "Шетпе – Бейнеу" және "Бейнеу – Доссор" жолы бойынша қозғалыс қайта жанданды.
Алматыда жолда көлік терезесінен ақша шашқан жүргізуші полицияның назарына ілікті