Спорт

Милад Карими әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

Бұл күндері Дохада (Катар) спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр.
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстандық гимнаст Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Спортшы қоссырықтағы жаттығуларда бақ сынаған болатын. Ол 14,566 ұпай жинап, қорытынды тізімде екінші орынға тұрақтады.
Бірінші орынды украиналық спортшы Илья Ковтун иеленсе, қола медальді ресейлік Иван Куляк жеңіп алды.
Спорт
Гимнастикадан Әлем кубогы: қазақстандық спортшылар финалда өнер көрсетеді