Мәдениет

Испан музыканты шоуда Димашқа пародия жасады – видео

Димаштың образын испан телеарнасында көрсетілетін шоуда қайталап шықты
Sputnik
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің француздың SOS d'un terrien détresse әнін орындаған сәті Испаниядағы ТВ-шоуда қайталанды.
"Бүгін мен испан телеарнасындағы шоудың аяқталғанын білдім. Шоудың финалында менің өнер көрсеткен сәтімді қайталаған дарынды @agoney жобаның жеңімпазы атанды, жеңісімен құттықтаймын", - деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның көрсеткен өнеріне "браво" деп айтқым келеді, оның талантына құрмет көрсетемін. Мен басқа елдердегі әртүрлі шоуларда әртістердің маған пародия жасағанын көрдім, бұл маған ұнайды және менің жанкүйерлерім де ұнайтынына сенімдімін. Испан жанкүйерлеріме сәлем жолдаймын, деп толықтырды әнші.
Dimashnews.com сайтының хабарлауынша, Димашқа 4 наурызда Tu cara me suena жобасында Antena 3 пародия жасаған. Шоу испан телеарнасында көрсетілген. Қазақстандық әртістің сахнадағы образын музыкант Агоней Эрнандес сомдады. Tu cara me suena – бұл "Один в один" немесе "Точь в точь" жобасымен бірдей шоу. Мұнда қатысушылар белгілі бір музыканаттың сахнадағы образын сомдайды. Агоней Эрнандес - испан әншісі, ән жазады және орындайды. Көпшілік оның ерекше дауысын жоғары бағалайды.
"Мен Димашты сомдаймын. Мен керемет дауысты қайталап шығамын. Мен күнделікті өмірімде ешқашан жасай алмайтын нәрселерді жасауға тырысамын", - деді Agoney соңғы қойылым алдында берген сұхбатында.