НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Қазіргі уақытқа дейін "Air Astana" әуе компаниясының үш эвакуациялық ұшағымен Қазақстанға 432 адам қайтарылды.
"Қазір төртінші эвакуациялық ұшақты жіберу бойынша жұмыс жүргізілуде. Рейс Катовице қаласында (Польша) азаматтардың қажетті санының жиналуына қарай жүзеге асырылады", - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Қазіргі уақытта Катовице қаласында 30 қазақстандық бар. Украина-Польша шекарасында 30 жолаушысы және тағы бір автобус өз кезегін күтіп отыр. Львовтағы Қазақстан құрметті консулдығының жанындағы эвакуациялық жинау орында 9 адам, Киевтегі Қазақстан елшілігінде – 10 адам, Харьковта – 7 адам бар.
Киевтегі Қазақстан елшілігі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау басталғаннан бері Қазақстанның шет елдердегі мекемелерімен 553 азаматтың шығуына көмек көрсетілген., оның ішінде:
Польшаға – 526 адам;
Молдоваға – 21 адам.
Молдовадан Румынияға 9 адам шықты. Оның ішінде 7 адам Қазақстанға ұшып кетті, 2 азаматты Бухаресттегі ҚР елшілігі қонақүйгежайғастырды;
Мажарстанға – 5 адам;
Словакияға – 1 адам.
Қазақстандық дипломаттар бұл мемлекеттердің шекарасынан өтуді, азаматтарды жинауды және орналастыруды, сондай-ақ Қазақстанға одан әрі жөнелтуді қамтамасыз етіп жатыр.
Айта кетері, осыған дейін Украинадан шыққан бірқатар отандастар Еуропалық Одақ аумағында қалуға шешім қабылдады.
Жүк тасымалдаушыларды эвакуациялау
"Атамекен" ҰКП ақпаратына сәйкес, Украинадағы әскери әрекеттер басталғаннан кейін сол елдің аумағында 47 жүргізуші – ҚР азаматы және 8 жүргізуші – шет мемлекеттердің азаматы қалып қойған. Барлығы - 55 көлік.
Қазіргі уақытта Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің тікелей көмегімен 55-сінің 31-і шықты. Оның ішінде:
Ресейге – 11;
Молдоваға – 8;
Польшаға – 12.
Қалған 24 автокөлік Украина аумағында қалып қойды.
ҚР сыртқы істер министрлігі жүргізушілермен байланыс орнатылғанын хабарлады. Олардың тізімі жаңартылып отырады, автокөліктің орналасқан жері нақтыланады.
Жүк тасымалдаушылардың тұрған жеріне байланысты Қазақстан тиісті шетелдік мекемелеріне автокөлікті эвакуациялау бойынша тапсырма берілген. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатқаны айтылды.