НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Қор биржасында доллардың орташа сараланған бағамы 501,64 теңге болды.
Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 501,64 теңгеге жетті. Салыстыру үшін айтсақ, 2022 жылдың 4 наурызында кешке шетел валютасы 499,72 теңге болды.
Kurs.kz порталының мәліметінше, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы валюта айырбастау пункттері долларды 520-522 теңгеден сатып жатыр. Бірқатар айырбастау орындары шетел валютасын сатуды тоқтатты.