Қоғам

Қазақстандықтар арасында қандай гүл ең көп сұранысқа ие

Қазақстанға жыл басынан бері шет елдерден 8,5 миллион долларға гүл әкелінді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанға шет елдерден әкелінетін гүлдерге қатысты қызықты деректерді бөлісті.
МКК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға 8,5 миллион долларға 1 085 тонна гүл әкелінген.
Қазақстандықтар арасында раушан гүліне сұраныс өте жоғары. Екі айда шетелден 6 миллион долларға салмағы 724 тонна раушан гүлі жеткізілген.
Екінші орында – хризантема. Салмағы – 97 тонна, құны – 883 мың доллар.
Үшінші орында – қалампыр. Салмағы – 28 тонна, құны 165 мың доллар.
Сондай-ақ, комитет мәліметінше, лалагүлдер де жоғары сұранысқа ие. Жыл басынан бері 178 мың долларға 24 тонна лалагүл сатып алынды.
1,1 миллион долларға 167 тонна басқа да жаңа кесілген гүлдер мен бүршіктер (қызғалдақ, hydrangeas, линолиум, гипсофила, финикс, ирис, гортензия және тағы басқа экзотикалық гүлдер) әкелінді.
Биыл гүл шоқтары Нидерланды, Бельгия, Германия, Эквадор, Литва, Колумбия, Өзбекстан, Кения, Словакия, Израиль және Түркия елдерінен жеткізілген.
Ал былтыр Қазақстанға 5 752 тонна гүл әкелінді. Жалпы құны 41,4 миллион доллар.