Елорда тынысы

Нұр-Сұлтандағы әлеуметтік тұрғын үй: кімдер алады және қанша баспана салынады

Әкімдіктің мәліметінше, биыл барлығы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қалада халықтың жеңілдік алатын санаттарын әлеуметтік баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары туралы айтты.
"Тұрғын үй қолжетімдірек болуы үшін бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүріп жатыр. Олар – жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй салу, тұрғын үй кешендерін жөндеу, апатты жағдайдағы және ескі үйлерді бұзу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау және т.б", - деп жазды Көлгінов.
Жеңілдікпен берілетін пәтерлер салу жұмысы "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдары желісі бойынша жүріп жатыр.
Қазақстандық тұрғын үй бағдарламасы (ҚИК) желісі бойынша медициналық және әлеуметтік қызметкерлерге, педагогтарға, полиция департаменті мен ТЖД қызметкерлеріне, мәдениет және спорт қайраткерлеріне әлеуметтік тұрғын үй беріледі.

Отбасы банкі желісі бойынша кезекте тұрғандарға өткен жылдан бастап жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.
"Тұрғын үй бойынша жеңілдетілген әлеуметтік несиелендіру бағдарламасы қаладағы 36 жасқа дейінгі жастарға (күйеуінің/әйелінің жасы маңызды емес) арналған", - дейді әкім.
Биыл тағы да 10 мың әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отыр.