НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында кәріз жүйесін тазалау мен жуу бойынша жыл сайынғы жұмыстар басталды, деп хабарлады "Алматы су" МКК.
5-7 наурыз аралығында Медеу ауданында жолда жұмыстар атқарылады. Осыған байланысты Шевченко мен Құрманғазы көшелерінің бойымен, атап айтқанда, Достық даңғылынан бастап Сейфуллин көшесіне дейінгі аралықты жол қозғалысы қиындайды.
Ресми мәліметке сәйкес, 1 000 шақырымнан асатын кәріз жүйесі жуылады. Сондай-ақ, 70 мың құдық тазартылады.
"Алматы су" мекемесінің мамандары осы шаралар ағынды суларды уақытында кетіру үшін қажет екенін ерекше атап өтті.
Осыған байланысты қала тұрғындарын кейбір қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрады.