Алматыда жолда көлік терезесінен ақша шашқан жүргізуші полицияның назарына ілікті

Полиция мұндай әрекеттің қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін еске салды
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Полиция көлік жүргізіп келе жатып, терезесінен ақша шашқан жүргізушіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Жүргізуші бұл әрекеті арқылы жолда апатты жағдай тудырды, сондай-ақ көлік жүргізу кезінде талаптарды сақтамады, бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін еді", - деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.
Ол сондай-ақ полицияның бұл істі назарға алғанын, құқық бұзушынының іздестіріліп жатқанын айтты. Сондай-ақ Әбдірахманов жолда мұндай әрекетке жол беруге болмайтынын еске салды.
Айта кетері, бұған дейін Instagram желісінде көлік жүргізген ер адам терезеден жолға ақша шашып жатқан сәт түсірілген видео пайда болды. Желі қолданушылары оның шын ақша шашқанына күмәнмен қарады. Кадр сыртындағы дауыс оның 2 миллион теңге тастағанын айтты.