Өңірлер

Жамбыл облысының тұрғыны үйінде 20 келі есірткі сақтаған – видео

36 жастағы азамат есірткі заттарын Нұр-Сұлтан қаласына жеткізумен айналысқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдайтын арнаның жолы жабылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
1 наурызда Жамбыл облысының полициясы Шу ауданы Төле би ауылының тұрғынын ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында аса ірі мөлшерде гашиш табылып, тәркіленді.
Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, гашиштің жалпы салмағы 20 келіні құрайды.
"36 жастағы азамат есірткі заттарын Нұр-Сұлтан қаласына жеткізумен айналысқан. Қазіргі уақытта осыған қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде", – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Енді оған қатысты 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін.