Өңірлер

Жамбыл облысында ауруханадан 4,5 млн теңгенің аппараты ұрланды

Ауруханаға келтірілген шығын сомасы 4,5 миллион теңгеден асады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысының полициясы аудандық ауруханада жасалған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Күдікті ұсталды. Ол кінәсін мойындап отыр.
Полиция ақпаратынша, қылмыс биыл қаңтар айының басында жасалды.
"7 қаңтарда белгісіз адам Сарысу аудандық орталық ауруханасына терезені сындырып кіріп, бір теледидар мен бір құлақ тексеретін аппаратты ұрлап кеткен. Келтірілген шығын сомасы 4 миллион 600 мың теңгені құрады", - деп мәлімдеді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер Жаңатас қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұрлық жасағаны үшін күдікті мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығы шектелуі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Өңірлер
Батыс Қазақстан тұрғыны он жыл жалған дипломмен ауруханада жұмыс істеген