НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстан қор биржасында 4 наурыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 499,72 теңге болды. Бұл ұлттық валюта тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Ұлттық валюта одан әрі құлдырап жатыр – таңғы саудада бағам 497,02 теңге болды. KASE-де күндізгі сауда-саттықта АҚШ долларына қатысты бағам 499,2 теңгеге теңесті, бұл Ұлттық банктің 5 наурыздағы ресми бағамы болады.
Ал, Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 514-518 теңге аралығында сатып жатыр. Олардың кейбірі шетел валютасын сатуды тоқтатты.