Қоғам

Қазақстанда темекі тағы қымбаттайды

1 наурыздан бастап темекі бағасы 550 теңгеге дейін өскен еді, сәуір айында ол тағы көтеріледі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қаржы министрінің "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" 2022 жылғы 22 ақпандағы бұйрығына өзгерістер енгізіледі.
Оған сәйкес, темекі бағасы тағы өседі. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Фильтрлі, фильтрсіз сигареттер, папиростар, сигариллалар және қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың ең төмен бөлшек сауда бағасы:
2022 жылғы 1 сәуірден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін – 590 теңге;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 630 теңге болып белгіленеді.
Қоғамдық талқылау 18 наурызға дейін созылады.
Бұған дейін фильтрлі, фильтрсіз 20 темекі мен папиростардың ең төмен бағасы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейін 550 теңге болатыны хабарланған еді.
Қоғам
Қазақстанда 1 наурыздан бастап темекі бағасы өседі