Өңірлер

Қар аралас жаңбыр жауады: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Солтүстік бөлігінде бұрқасын болады
Sputnik
АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Қазгидромет 5-7 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын болжады.
Синоптиктер мәліметіне сәйкес, демалыс күндері циклон Жерорта теңізінен ауысып, елдің көп бөлігіне ылғалдың үлкен қорын әкеледі.
Соған байланысты 5 наурызда батыста және оңтүстікте, 6 наурызда елдің солтүстік жартысы мен орталығында қар мен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын жауады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Солтүстік бөлігінде бұрқасын болады.
Ірі қалалардағы ауа райы Алматыда 5-6 наурызда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +2...+6C көрсетеді. Күндіз +10...+13C болады. 7 наурызда қар аралас жаңбыр жауады, түнде +3C, күндіз +7C көрсетеді.
Нұр-Сұлтанда 5 наурызда жаңбыр жауады, түнде -9C, күндіз +3C. 6 наурызда қар аралас жаңбыр жауады, түнде +1C, күндіз +2C болады. 7 наурызда қар аралас жаңбыр болады, түнде -7C, күндіз 0 C.
Шымкентте 5 наурызда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +8C, күндіз +19C. 6 наурызда жаңбыр жауады, түнде +3C, күндіз +12C көрсетеді. 7 наурызда да аздаған жаңбыр жауады деп болжанды, түнде +4C, күндіз +10C болады.