НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. НАТО елдері мен Украина ядролық соғыс ықтималдығы туралы айтып жатыр, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Оның мәліметінше, Ресейдің ядролық қаруды қолдану шарттары әскери доктринада сипатталған.
"Батыс сарапшылары бізді айыптауға тырысып жатыр, олар айтқандай әлсірету есебінен күшеюді көздеп отырған жоқпыз. Бірақ қазір ядролық соғыс туралы әңгіме жүріп жатыр. Жасалған мәлімдемелерге, осы мәлімдемелерді жасаған кейіпкерлерге мұқият қарауларыңызды сұраймын", - деді Лавров ресейлік және шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында.
Ол мұндай мәлімдемені алдымен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг, кейін Владимир Зеленский жасағанын айтты.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейге қарсы соғыс жоспары жасалып жатыр деп санайды.
"Егер бізге қарсы нағыз соғысты бастаса, бұл туралы мұндай жоспарды құрғандар ойлануы керек", - деп толықтырды ол.
Лавров сондай-ақ Украина тарапы Ресей Федерациясымен келіссөздер барысында Вашингтоннан нұсқау алып жатыр деген пікір білдірді.