Қоғам

Украинада қалып қойған алты жүк көлігінің жүргізушілері Польшаға аттанды

3 наурыздағы жағдай бойынша 35 жүк көлігінің жүргізушісі Украина аумағында қалып отыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Көлік жүргізушілері Днепрден Польша республикасына қарай аттанды, деп хабарлады Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасаөз қызметі.
Сондайық, бүгін, 3 наурызда, екі жүргізуші Нихотевка өткізу бекеті арқылы Ресей шекарасынан өтті.
Палатаның мәліметінше, 21 жүк көлігі Украина аумағынан шыққан: 10 жүргізуші Ресейге, 8 көлік Молдоваға шықты. Соның ішінде 4 жүргізуші - Түркия азматтары. Тағы 3 жүргізуші Польшаға жетті.
3 наурыздағы жағдай бойынша 35 жүк көлігінің жүргізушісі, оның ішінде қазақстандық көліктерде жүрген 4 украиналық жүргізуші әзірге Украина аумағында қалып отыр.