Саясат

Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Екі президенттің телефон арқылы сөйлесуіне Украина тарапы бастамашы болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Екі президенттің телефон арқылы сөйлесуіне Украина тарапы бастамашы болған.
"Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөз барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты", - деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келіскені айтылды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстан Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатқан жоқ – қорғаныс министрлігі