Оқиға

Шымкентте кішкентай бала балабақшадан қашып кетті

Баланы іздеуге жарты сағат кеткен, полицейлер де жұмылдырылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз — Sputnik. Шымкентте кішкентай бала мекемеден қашып кеткен соң балабақшаның бес қызметкеріне сөгіс жарияланды.
Оқиға 1 наурызда № 60 "Тараз" мемлекеттік балабақшасында болды, деп хабарлайды Vera.kz аймақтық порталы қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

"Тәрбиеші баланы "Жұлдыз" тобынан әжесіне қарай шығарған, бірақ бала қашып кетті. Ол балабақшаның аумағынан тыс жерде ересектер қарауынсыз қалай жүргені белгісіз", - делінген ақпаратта.

Баланы іздеуге жарты сағат кеткен. Тіпті полицейлерді де тартуға тура келген.
Осы оқиғадан кейін әдіскер, топ тәрбиешісі, кезекші тәрбиеші және балабақша күзетшісі қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза алды.
Балабақша меңгерушісі де жауапқа тартылды, оған сөгіс жарияланды.
Білім
Елде балабақша кезегінің бірыңғай базасы болады