Әлем

Ресейлік банктер SWIFT жүйесінен 12 наурызда ажыратылады

Санкцияға ресейлік жеті банк ұшырады
Sputnik
Санкцияға ұшыраған ресейлік банктер халықаралық SWIFT жүйесінен 12 наурызда ажыратылады, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз жеті ресейлік заңды тұлғаны және олардың еншілес компанияларын SWIFT жүйесінен ажыратамыз. Қаулы күшіне 12 наурызда енеді", - деп хабарлады SWIFT компаниясы.
Санкцияға ресейлік ВТБ, "Россия", "Открытие", Новикомбанк, Промсвязьбанк, Совкомбанк және ВЭБ банктері енді.
Сонымен қатар, енді Ресей Федерациясына евро банкноттарын жеткізі, сату, экспорттауға тыйым салынды.