НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстанда таңғы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл төмендеді.
Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, таңертеңі саудада доллардың орташа бағамы 489,57 теңгені құрап, 0,74 теңгеге төмендеді.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк бекіткен 3 наурыздағы ресми теңге бағамы 490,43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пунктеріндегі теңгенің орташа сатып алу құны 490,65 теңге. Сату - 495,42 теңге.
Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пунктерінде теңгенің сатып алу құны 491,72 теңге, сату 494,37 теңге.