Саясат

OneWeb директорлар кеңесі Байқоңырдан барлық ұшуды тоқтата тұруға дауыс берді

Ресеймен байланысты жобаларға қатысу мәселесі қайта қаралмақ
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз — Sputnik. OneWeb директорлар кеңесі Байқоңыр ғарыш айлағынан барлық ұшуды тоқтата тұруға дауыс берді, деп хабарлады компания.
"OneWeb басқармасы Байқоңырдан барлық ұшыруды тоқтатуға дауыс берді", - делінген хабарламада.
Өз кезегінде Ұлыбританияның бизнес, энергетика және өнеркәсіп министрі Кваси Квартенг Ұлыбритания үкіметі OneWeb шешімін қолдайтынын айтты. Айтуынша, Ресеймен байланысты жобаларға қатысу мәселесі қайта қаралады.
Бұған дейін министр Ұлыбритания үкіметі OneWeb-де өз үлесін сатпайды деп мәлімдеді. "Роскосмос" осындай талап қойған болатын.
OneWeb аппараттары жердің кез-келген нүктесінде интернетке жоғары жылдамдықты қол жетімділікті қамтамасыз ететін ғарыштық байланыс жүйесін құруға арналған.
OneWeb 2022 жылдың маусымына дейін бірінші буынның толық тобын жасайды.