НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Күндізгі сауда-саттықтың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 492,28 теңге болды. Ал таңғы саудада бір доллар 489,57 теңгеге тең келді.
Айта кетері, Ұлттық банк бекіткен 3 наурыздағы ресми теңге бағамы – 490,43 теңге.
Кеше кешке доллар бағамы 490,31 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 504-505 теңгеден сатылып жатыр.